Манифест

Құрметті Қазақстан Үкіметі


Жоғарыда айтылғандай, бұл жоба елді дағдарыстан шығаратын мультипликативті әсерге әкеледі. 
Ауыл шаруашылық индустриясының мультипликативтік әсері, мұнай мен көмір өндірісің индустриясынан жоғары болғандықтан,  бұл бағдарлама, 2000 жылдардың басында мұнайдың арқасында болған серпінді экономиканың дамуынан асып түседі.

Біздің сөздеріміз неге негізделген?
  1. Тікелей мемлекеттік субсидиялар шамамен 1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Біз субсидиялардан толығымен бас тартамыз.
  2. Банктер бір уақытта үлкен пайда табады, өйткені қайтарымсыз Аграрлық Өнеркәсіптік Кешендегі несиелер бойынша, Ұлттық банкке бұрын  салынған доллармен миллиардтаған провизиялар қайтарылады
  3. Бұрын үмітсіз және қайтарымсыз жатқан, латифундистердің қарыздары мемлекетке қайта төлене бастайды.
  4. Ауылдарда 100 мектеп, 100 аурухана, 100 балабақша салынады. Адамдар қаладан ауылдарға көшіп, ауылдың гүлденуі басталады.
  5. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі нығаяды.
  6. Көптеген жумыс орындары ашылып, ақша нақты адамдарға беріліп, кедейлік деңгейі төмендейді. Оған қоса, біздің берілетін жалақы деңгейіміз америка және канада агро компанияларымен тең болады.
  7. Қазақстан агроөнім экспорттаушы елдердің әлемдік рейтингінде - жетекші орынға ие болады
  8. Қазақстан Дүниежүзілік азық-түлік Банкі жобасы бойынша, азық-түлік Швейцариясына айналады
  9. Сауатсыздық деңгейі төмендейді  
  10. Елге 13 млрд АҚШ доллар көлемінде шетелдік инвестициялар тартылып, халық қатысатын үлкен құрылыс басталады
  11. Ауылдарда тұратын халықтың  48% арасындағы әлеуметтік шиеленіс төмендеп, олардың әл-ауқаты жоғарылайды
  12. Simmons & Simmons  транснационалдық заңгер компаниясының қорытындысы бойынша, Канадада болған дәндерді  сатып алу келісім шартымыз толық заңды болуын және Дүниежүзілік сауда ұйымының халықаралық ТРИПС  келісімінің  барлық нормалары мен процедуралары  орындалғанын дәлелдеді.
Біз Канаданың премьер министірі мен ауылшаруашылық министіріне және патент иелері мен тұқым жасаушыларға роялти төлеуге және ынтымақтастыққа дайын екенімізді білдіріп хаттама жолдадық.

Сонымен қатар, Қазақстанның ресми елшісі, тұқым корпорацияларымен келіссөздер жүргізіп, Канаданың ауылшаруашылық министірінен  Қазақстан UPOV-ке қосылып, роялти төлесе, олардын бізбен бірігіп жұмыс істеуге дайын екендігі туралы жауабын алды.

Deloitte халықаралық аудиторлық компаниясының зерттеу нәтижесі бойынша, осы жобаның экономикалық моделі ауыл шаруашылық саласын сауықтыруы және елдің экономикалық дағдарыстан шығуының тиімді амалы екенін қорытындылады.

Біздің жоба, агроөнімдер өңдеу өнеркәсібін дамытуына оң әсерін береді, бұл қосылған құны жоғары өнімдерді өндіруге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Ол үшін 3 драйвер бар:
  1. Салықсыз Еркін Экономикалық Аймақ
  2. 1 млрд доллардан астам қаражаты бар 1200 ішкі инвесторлер
  3. Өндіріске арналған шикізаттын қол жетімді болуы 
Ол үшін Үкіметтен не қажет? 
  1. Бізге Заңдарды 30 жылға тұрақтандыра отырып, 5 млн гектар аумағында еркін экономикалық аймақ құру
  2. Еркін экономикалық аймақ аумағында салықтардың барлық түрінен 15 жылға босатуын сураймыз. Себебі, қаржы министрлігінің деректері бойынша, 2019 жылы ауыл шаруашылығына бөлінген қаржы сомасы 583 миллиард теңге құрды. Ал салық ретінде жиналған  сома не бәрі 45 млрд. теңге Тек 2012ші -2018ші жылдар аралығында ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 4,2 триллион теңгеден асты. Бұл айтарлықтай жер өңдеу тиімділігінің  жоғарылауына және  ауылда өмір сүру деңгейінің жоғарылауына әкелмеді.
  3. Еркін экономикалық аймақ ішінде серпінді дамуға кедергі келтіретін заңдардың күшін жою.
  4. Мемлекеттік жер қатынастарын реттейтін агенттікті құру. Ол агенттік  Проблемалық несиелер қорындағы бар жерлерді 5 мың гектардан бөліп, барлық пайлық міндеттемелерден тазартып, әр тиімді менеджерге 3 жылдан 7 жылға дейінгі уақыт аралығында бөліп төлеп, сатып алуына мүмкіндік беруі тиіс.
  5. Жерді, қарызы төленгеннен кейін, Қазақстан азаматы болып табылатын тиімді менеджердің жеке меншігіне беру туралы, заң әзірлеуін сураймыз.  Ол азамат жердің бұрыңғы иесінің қарызын төлегендіктен, өз жеке меншігіне алуына толық құқығы болуын және ұрпақтарына қалдыру мүмкіндігін әділ  деп санаймыз. Бірақ заңда міндетті түрде "Жер шетел азаматтарына сатылмайды, жалға берілмейді» деген бір шарт жазылуы тиіс.
  6. Қазақстан мен ФАО Біріккен Ұлттар Ұйымының арасында Дүниежүзілік азық-түлік Банкі элеваторларына арнайы мәртебе беру туралы халықаралық келісім шарт жасауын сураймыз.
Құрметті Қазақстан Үкіметінің Өкілдері, елдің қазіргі экономикалық жағдайын ескере отырып, алдағы әлемдік рецессияға батыл төтеп беру үшін, бізге бұдан да артығырақ бірігу керек.