Манифест

Құрметті Қазақстан халқы! 


Қазіргі кезде өршіп тұрған пандемияның кесірінен көптеген азаматтарымыздан айрылдық, жақындарынан айрылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз, бірақ, бұдан бөлек, тағы да бір қиын кезең келе жатыр - бұл әлемдік зор экономикалық кризис. Ол да коронавирус секілді қатал және аяусыз душпан. Оның әсерін, біз тек бірігіп қана жеңе аламыз. 

Ұлы Абай айтқандай:  «Еңбек етсең ерінбей- тояды қарның тіленбей» 

Біз сіздерге тап қазіргі аяқ асты табыс ұсынып отырған жоқпыз, 
Біз ауыр еңбек ұсынып отырмыз! 
Осы ауыр еңбек мыңдаған жастарды жетістікке жеткізеді! 
Ауыр еңбек – ата-бабаларымыздың жарқын болашақ туралы армандарын орындайды! 

Ең бастысы ауыр еңбек елімізді экономикалық кризистен алып шығады! 
Біз жас ұрпақтың қаржылық қиындықтары бар екенін түсінеміз және таза пайда табуға дейін бастапқы кезеңде қолдау көрсетуге дайынбыз.

Жарқын болашағымызды өзіміз жасайық!