Сұрақтар мен жауаптар

Негізгі сұрақтар

Неден бастайын?
Сіз толығырақ осы сілтемедегі видео роликтан біле аласыз
Қалай қызметкер бола аламын?
Өтініштерді қабылдаудың басталу мерзімін сайтта жариялаймыз. Өтініш беру үшін ресми парақшалардағы жаңалықтарды қадағалаңыз.
Тиімді менеджер қалай бола аламын?
Өтініштерді қабылдаудың басталу мерзімін сайтта жариялаймыз. Өтініш беру үшін ресми парақшалардағы жаңалықтарды қадағалаңыз.
Кім тиімді менеджер бола алады?
  • Бірінші кезекте ол Қазақстан азаматы болуы тиіс 
  • Қазақстанда 21 мен 35 жас аралығында 5 млн адам өмір сүреді, солардың ішінен біз 1200 таңдап аламыз 
  • Біз гендерлік теңдікті сақтай отырып, ерлер мен әйелдерді қабылдаймыз
  • 1200 Тиімді Менеджер өзара туыс болмауы тиіс, егер жақын туысын анықтасақ, біреуі жүйеден кетуге тиіс 
  • Таңдау әділдік, еңбекқорлық, дамыған логика және  психологиялық тұрақтылық принциптері бойынша жүргізіледі 
TDFA жүйесіне қанша қызметкер керек?
1000 Тиімді менеджер, 200 МТС Тиімді Менеджері (Машина-Трактор Станциялары) және олардың 30 000 қызметкерлері.
Ауыл шаруашылықта тәжиребем болмаса?
Ауылшаруашылық саласында тәжірибе керек деген ешқандай критерий жоқ. Сіз өзіңізді қызықтыратын кез-келген лауазымға өтінім бере аласыз. Барлық өтінімдер бірдей шарттарда қарастырылады.
Менде бастапқы капитал жоқ болса ? Жерім/техникам/дәндерім/фермам жоқ?
Бастапқы жарнасыз
Егер мен Қазақстанның оңтүстігінде / солтүстігінде / батысында / шығысында тұрсам, өтініш бере аламын ба?
Тұрғылықты мекен жайға байланысты шектеулер жоқ, ең бастысы сіз Ауыл 2.0-ге көшуге дайын болуыңыз, оның нақты орналасқан жері туралы жұмысқа шақырғаннан кейін белгілі болады.
ГМО Дәндерме?
Жоқ, ГМО емес. Бұл, Канадада әзірленген, жоғары сапалы селекция
Дәндер Қазақстанға климатына сәйкес келеді ме?
NASA-ның спутниктік деректері бойынша екі аймақтың Солтүстік Қазақстан мен Канадалық Саскачеванның климаттық жағдайларының ұқсастығы расталады. Жауын-шашын, ауаның температурасы мен ылғалдылығы бойынша ұқсастық бірдей және 97% құрайды.
Кім тегін электр қуаты мен энергиясын қолдана алады?
100 ауылдардың тұрғындары. Малдың көп санын ескере отырып, ауылды дамыту бағдарламасында ірі қара малдың қалдықтарын өңдеу бойынша 100 неміс зауытын сатып алу көзделген. 

Жылына 300 мың адамды энергиямен қамтамасыз етуге жеткілікті болатын, шамамен 350 мың мегаватт электр қуатын алу мүмкіндігі бар. Немесе көлікке арналған 114 млн кубометр биогаз аламыз, автомобилдің жылына орташа есеппен 18 мың км жүріп өтетінін ескерсек, бұл 30 мың автомобильдің  жылдық тұтынуына жетеді.

Ипотекалық бағдарлама
Кредиттік рейтингі жеткілікті, фонд экожүйесінің әр қызметкері АгроИнвестБанкінің ипотекалық бағдарламасын қолдана алады

Бағдарлама шарттары:
  • 15 жылға дейін қаржыландыру
  • сыйақы мөлшерлемесі жылына  4 - 7% дейін
  • үйдің өзі кепілдеме болады
  • бастапқы жарнасыз


Би қандай қызмет атқару тиіс?
  • Би фонд жүйесіндегі әділдікті қадағалайды және Тиімді Менеджер мен фонд арасындағы әділ тепе-теңдіктің сақталуын бақылайды.
  • Сақтандыру төлемдері жөніндегі мәселерді шешеді. 
  • Кредиттік рейтингтің төмендеуіне немесе жоғарылауына бақылау жүргізеді.
Билердің жұмысы фондымыздың “КОРПОРАТИВТІК ӘДІЛДІК КОДЕКСІНЕ” негізделетін болады.
Егер Тиімді Менеджер жұмысын орындай алмаса?
Егер сіздің қолыңыздан келмесе, сізді басқа тиімді менеджермен ауыстырамыз. Сізге ешқандай қосымша штраф пен қарыз салынбайды.

Құрылымдардың қысқаша сипаттамасы. Глоссарий

Астық банкі
Көлемі бір  миллион екі жүз мың тонна дәндерді тазарту, кептіру және сақтау жөніндегі арнайы зауыт. Астық банкте бидай, арпа, соя, зығыр, рапс, жүгері, жоңышқа, жасымық, қыша және бұршақ сияқты дәнді-дақылдар болады.
TDFA Университеті
Бұл онлайн білім беру. Бұл үшін біз интернет платформалар құрамыз, онда кез келген адам әлемнің озық агроуниверситеттерінен (Саскачеван университеті, Альберт университеті мен Солтүстік Дакота университеті) өзекті білім ала алады. 
Білім орталығы
Тиімді менеджерлерге тәулік бойы қолдау көрсету үшін диспетчерлік орталық құрылада.

Байланыс TDFA
5 миллион гектар жердің қамту аймағын интернетпен 100 % қамтамасыз ету үшін, 4G технологиясы бар 50 базалық станция орналастыру қажет.   
МТС
200 тиімді менеджерден тұратын Машина-трактор станцияларын басқаратын жаңа кластер құруды шештік.Әрқайсысы жақын орналасқан 5 Тиімді Менеджерлердің фермасын агротехникамен қамтамасыз етеді. 100% техника мен ангарлар - МТС Тиімді Менеджерінің меншігінде болады. Бұл шамамен 2400 егістік кешендері, 3400 трактор, 4200 комбайн, 6000 жүк машиналары және көптеген басқада техникалар.
Кен орны
Жобада фосфорит кен орнын игеру мен жылына 1 млн 600 мың тонна минералды тыңайтқыштарды шығаруға арналған зауыттың құрылысы қарастырылған. Бұл зауыт Фондтың аммофос, сульфоаммофос және фосфор ұны сияқты минералды тыңайтқыштарға деген қажеттілігін жабады. Зауыттың болуы - минералды тыңайтқыштардың бағасын екі есеге дейін азайтады.  
Сатып алу орталығы
100 жергілікті қоймадан тұрады және 5 миллион гектар егістік аумағына арналған тауарларды көтерме сатып алу үшін құрылатын орталық.  Тиімді менеджерлер үшін қосалқы бөлшектерді, инокулянттарды, сұйық тыңайтқыштарды, қорғаныс құралдары мен өзге химияны, сондай-ақ егіс жұмыстарына қажетті дизель жанармайын орталықтандырып сатып алу болып табылады.
Банк
Бұл Қазақстандағы қолма-қол ақша бермейтін, оның орнына тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынатын бірінші банк.
Сауда Үйі
Тиімді менеджермен фьючерстік келісімшарт арқылы және SWAP операциялар арқылы, Чикаго биржасының баға ұсыныстары бойынша өсірілген өнімнің кепілдендірілген сатылымын қамтамасыз етеді.
Әділетсіздікті болдырмау үшін, фонд жұмыстың басқа үлгісін ұсынады
  • Фермер жыл сайын оның өндіріс құнының 10% құрайтын, міндетті сақтандыру төлемақысың төлейді.
  • Фонд фермерді қолдап, ол үшін өз қаражатынан 10% төлемақы төлейді, осылайша фонд фермермен тәуекелділікті бөлісіп, оның жетістігіне деген қызығушылығын білдіреді.
  • Осылайша, біз сақтандыру ұйымдарының әлемдік стандартына теңесеміз, онда «қаупі жоғары егіншілік аймағы үшін сақтандыру сыйақысы 20% құрауы тиіс» деп айтылған.
Астықпен бірге барлық техника және мал сақтандырылады. Фермер жыл сайын оның өндіріс құнының 10% құрайтын, міндетті сақтандыру төлемақысың төлейді.

Билер институты
Жаңа технологиялар мен жаңа жүйелерді зерделей отырып, әділеттілік мәселесінде, біз тарихымызда 300 жыл бұрын болған және өзінің тиімділігін дәлелдеген – БИЛЕР ИНСТИТУТЫНА жүгіну қажет деген қорытындыға келдік.  

Кредиттік Рейтинг жүйесі
Тиімді менеджердің кредиттік рейтингісіне оның қызметкерлерінің кредиттік рейтингісі тікелей тәуелді, яғни, егер тиімді менеджер төмен нәтиже көрсетсе – онда бүкіл команданың рейтингі төмендейді. Тиесінше, ипотекаға және өзге кредиттік өнімдерге пайыздық мөлшерлеме өседі.
Бас аулайтын аңшылар
Аңшы пара алатын адамдарды анықтауы тиіс. TDFA Қауіпсіздік Қызметі параның төленуін қамтамасыз ету үшін қаражат ұсынады. 

Жиналған әшкерелеуші материалдарды Аңшы Қауіпсіздік Қызметіне тапсыруы тиіс, Қауіпсіздік Қызметі Билермен бірігіп, ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексереді. Аңшылар жасырын және тек сыйақы алу үшін ғана жұмыс істейді. Әр жемқор мен ұрының жеке тұлғасы Фонд сайтында жарияланады. 
АҢШЫЛАР САНЫНА ШЕКТЕЛМЕГЕН! 

Фондтың жемқорлыққа қарсы сайтында жүйенің әр қатысушысына арналған Прайс лист қойылатын болады. 
Мысалға: 
  1. Бас би үшін  - 50 мың доллар
  2. Жергілікті би үшін - 30 мың доллар
  3. Кредиттік менеджер үшін - 20 мың доллар
  4. Қойма меңгерушісі үшін - 10 мың доллар
  5. Элеватор меңгерушісі үшін - 10 мың доллар
  6. Сатып алу орталығының менеджері үшін - 10 мың доллар
Және тағы басқа


Ауыл 2.0
Фонд моделі бойынша 100 ауылдың дамуы қарастырылған. Әрбір ауылда 12 Тиімді менеджер мен олардың 300 дей қызметкерлері болады. Егістік жердің әр 50 мың гектарына 1 ауыл турғызу жобаланған.
Ірі қара мал
Бір жүйедегі миллион бас ірі қара мал – дүниежүзіндегі ең үлкен мал басы болып табылады. Тиімді Менеджерлерге жұмыс істейтін әр қызметкердің ірі қара мал квотасы болады.
Әлемдік Азық-түлік банкі
50 млн. тонна көлемінде түрлі дақылдарды сақтайтын 250 элеватор салуды ұсынамыз. Элеваторлардың 100% иелері астық импорттаушы мемлекеттері болады. Бұл банктік депозиттік ұяшықтар сияқты. Олар қорғалған. Әлемдік Азық-түлік Банкі азық-түлік қауіпсіздік мәселесін шешеді.

Ауылды дамыту фонды (АДФ)

Ауылды дамыту фонды (АДФ)
Жылына 5 миллион долларға толықтырылады. АДФ бағдарламасы бойынша, келесi объектілер құрылысы қарастырылған:
10 жылдын ішінде ауылды дамыту қоры есебiнен салынатын объектілер
  • Инфрақұрылымдық желілер
  • Жатақханалар, ауылдың дамуына қарай қонақ үйлерге айналады 
  • Комьюнити орталығы: онда конференц залдар, шағын кинотеатр, фитнесс, бассейн, спорт секциялары және синтетикалық мұзда хоккей алаңы болады.
  • Балабақшалар  
  • Финляндиялық моделі бойынша білім беру мектептері
  • Медициналық орталық
  • Биомассаларды өңдеу зауыттары
  • Жанармай құю станциялары
  • Супермаркет
  • Наубайхана
  • Крафті сыра шығару зауыты
  • Крафті ет комбинаты
  • Жылы жайлар
  • Саябақтар мен спорт алаңдары
  • Діни орталықтар
  • Қауіпсіздік жүйесі мен бейне бақылау 

TDFA қаражатының есебінен мына объектілер салынады
  • Ұялы және ғаламтор байланысына арналған базалық станциялар 
  • Дәндер сақтау және тазарту зауыттары
  • Сатып алу орталығының қоймалары  
  • Ірі қара малға арналған бордақылау кешендері 
  • Скважиналар мен суды тазарту жүйесі

Ипотека бағдарламасы бойынша 300ден астам үй салынады
ТМ есебінен мынаңдайобъектілер салынады:
  • ірі қара малды өсіру репродукторлары 
  • ауыл шаруашылығы техникасына арналған гараждар мен ангарлар
  • ЖЖМ сақтауға аргалған резервуарлар
  • өндірістік база
  • әкімшілік ғимараты

Кіші және орта бизнес есебінен
  • Сән салондары
  • Мейрамханалар/дәмханалар
  • Тігін цехы
  • Туристік ойын-сауық объектілері
  • ТҚС
  • Дәріханалар
  • Шағын-маркеттер
  • Киім-кешек дүкендері
  • Шеберханалар

Алайда келесі әлеуметтік шығынды объектілер де бар
  • комьюнити орталығы
  • мектептер мен бала бақшалар
  • медициналық мекемелер
Ауыл дамыту қоры басқарушысы әлеуметтік объектілердің шығынын жабу үшін коммерциялық объектілердің табыстарын бөлетін болады. Ал қалған қаражат ауылдың инфрақұрылымдық объектілеріне қайта инвестицияланады.