ESG

ESG - Environmental, social and corporate governance


Біздің экожүйеміз ESG принциптеріне және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына негізделген. Біз таза кірістің оннан бір бөлігін Африканың аштыққа ұшыраған балаларына бергіміз келеді. Біздің қызметіміздің басты миссиясы – адамзатқа пайда келтіру.

E – Environment
(Қоршаған орта)


  • Био қалдықтарды таза жаңартылатын энергияға өңдеп айналдырып, TDFA экожүйесінің мүшелеріне тегін қол жетімді жасау.
  • 5 миллион гектар жерде өсірілген өсімдіктердің үлкен жасыл массасы оттегінің көп мөлшерін шығарады және көмірқышқыл газын (СО2) сіңіреді.

S – Social
(Әлеуметтік)


  • Біздің экожүйеміз әлеуметтік жауапкершілік принциптеріне негізделген. Жыл сайын 1200 тиімді менеджерлер өздері тұратын ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында, өздерінің таза кірістерінің 33% -ын тікелей жіберуге міндеттенеді. 
  • Соның ішінде 100 аурухана, 100 мектеп, 100 балабақша құрылысы қарастырылған. Бұл мекемелерде финдік үлгі бойынша сапалы білім беру мен тамақтандыру жоспарланған. 
  • Тиімді менеджер осы мекемелердің дамуына тікелей мүдделі болады, өйткені олардың балалары мен отбасылары өздері инвестиция салатын ауылда тұрады.
  • Әлеуметтік теңсіздікті азайту: Ел тұрғындарының 42% -ы ауылдық жерлерде тұратындықтан, TDFA жүйесі жаңа тұрақты қоғам - ауылдық орта таптың құрылуына ықтимал етеді.
  • Біз экожүйемізде гендерлік теңдікті қолдаймыз, ерлер мен әйелдердің құқықтары тең және жалақысы мен табысы тең тиімді менеджер бола алады.

G – Corporate Governance
(Корпоративті басқару)


  • Біздің жүйенің тұрақтылығын үш корпоративті институт қамтамасыз етеді:
  • Сот әділдігін қолдау үшін корпоративті судьялар көпшілік әдіспен таңдалатын Билер жүйесі.
  • Сыбайлас жемқорлық және ұрлықпен күресу жүйесі. Біз сыбайлас жемқорлық бар ортада әділетті қоғам құру мүмкін емес деп санаймыз. Осы мақсатта біз өзіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйемізді құрдық.
  • Кредиттік рейтинг жүйесі. Біздің ойымызша, еңбекқор және талантты адамдар әділ марапатталуы және ынталандырылуы керек.
TDFA адамдарды ұлтына, жынысына, нәсіліне, саяси көзқарасына немесе дініне байланысты кемсітпейді және дискриминация жасамайды.

1. Адам құқығы:

  • Барлық қызметкерлерге әділ және ізгілікпен қарау;
  • Дискриминациның кез келген түріне жол бермеу; 
  • Ой еркіндігі; 
  • Сөз бостандығы; 
  • Әділетті жалақы төлеу;
  • Жұмыс уақыты мен демалысты теңдестіру, демалыс күндердің ақысын төлеу;
  • Тегін білім беру 
  • Комерциялық емес сақтандыру

2. Адами капитал (World Bank) 

  • Балаларға жас кезінен инвестиция жасау (балабақшалар, Финдік модель бойынша мектептер)
  • Тегін білім беру
  • Білікті қызметкерлер
  • Таланттарды анықтау және оларды дамыту
  • Ең алдымен, біз талантты және еңбекқор жастарды қарастырамыз, оларға бастапқы капиталсыз ақша табуға және өз потенциалын біздің жобамызда іске асыруға мүмкіндік береміз, сонымен қатар жер мен кәсіп иесі болуға мүмкіндік береміз.
  • Еңбек өнімділігінің артуы
  • Қызметкерлердің жұмысына қанағаттануы және кәсіби мотивациясы
  • Қызметкерлердің өмірінің барлық салаларында өзін-өзі дамытуға жетелейтін, жұмысқа тиімді тәсілдерді күшейту
  • Адамдар бұрын байланыссыз өмір сүрген аймақтарға Интернет пен байланыс жүргізу
  • Тұрғындардың жайлылығы мен инновацияларды енгізу үшін ауылдың инфрақұрылымын толықтай жаңарту

Келесі БҰҰ ТДМ мақсаттарын шешеміз 

1-МАҚСАТ: КЕДЕЙЛІКТІ ЖОЮ

Салалық шешім жаңа жұмыс орындарының ашылуына, елдің ЖІӨ-нің ұлғаюына және қазіргі кезде Қазақстан халқының 42% -ы тұратын ауылдық жерлерде қоғамның жаңа тұрақты тобының құрылуына әкеледі.

Біз таңдауды капиталы жоқ адамдардың пайдасына береміз, олар өздерінің еңбекқорлығы мен ақыл-ойының арқасында жетістікке жетуге және бай болуға талпыныс жасайды.

2-МАҚСАТ: АШТЫҚТЫ ЖОЮ

Осы жоба ең озық технологияларды, тұқымдарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдаланатын әлемдегі ең ірі ауылшаруашылық холдингі болады.

Соңдай-ақ ауылшаруашылық жерлерін пайдаланудың тиімділігін арттырып, Қазақстан Республикасының аумағында азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін нығайтады. Сонымен қатар Африканың мұқтаж елдеріне көмек беру шеңберінде де үлесін қосады.

Ол үшін Қазақстан аумағында Дүниежүзілік Азық-түлік банкі құрылады, ол көптеген елдердің азық-түлік қорларын сақтауға мүмкіндік береді.

3-МАҚСАТ: ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТ

Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту - бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Даму бағдарламасы жаңа формациядағы фермерлерге өздерінің кірістерінің 33% құрайтын бөлігін медициналық және спорттық-сауықтыру орталықтарын құруға, сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға міндеттейтін әлеуметтік жауапкершілікті қарастырады.

4-МАҚСАТ: САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Университет құру және тиімді менеджерлер мен олардың қызметкерлеріне арнайы білім беру. Фермер болып табылатын тиімді менеджерді ғылыми қолдау үшін Білім Орталығын құру

5-МАҚСАТ: ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК
Әр әйел жақсы, лайықты жұмыс орындарына қол жеткізе алады және ер адамдармен тең дәрежеде тиімді менеджер бола алады.
6-МАҚСАТ: ТАЗА СУ ЖӘНЕ САНИТАРИЯ

Бұл бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Барлық елді мекендерде санитарлық нормаларға сәйкес келетін қол жетімді таза ауыз су болуы керек.

7-МАҚСАТ: АРЗАН ЖӘНЕ ТАЗА ЭНЕРГИЯ

Биогаздан биометан өңдейтін зауыт салу арқылы елді мекендерге қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Осылайша, адамдар барлық көліктер үшін тегін газ, электр қуаты, жылу, ыстық су және биогазға қол жеткізе алады.

8-МАҚСАТ: ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Жобаны жүзеге асыру қоғамның әлеуметтік ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ауылдық жерлерде тұратын халықтың 42%-ның тұтынушылық сұранысының артуына алып келеді және ауылда қызмет көрсету деңгейінің көтерілуіне, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінде шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік береді.

Табыстың жоғарылауы сонымен қатар жұмыс істейтін ауыл тұрғындарына тұрғын үй ипотекалық бағдарламаларына қатысу үшін өздерінің несиелік рейтингтерін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар құрылыс секторының дамуын ынталандырады және жұмыспен қамтудың артуымен одан әрі экономикалық өсуге әкеледі.

9-МАҚСАТ: ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИННОВАЦИЯЛАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Егіншілік алаңдарында тиімді жұмыс жасау үшін соңғы инновацияларды енгізу: байланыс, цифрландыру, ауылдардың инфрақұрылымын құру және өндірісті жақсарту, вегетациялық кезеңді NDVI спутниктік бақылау, метеостанциялар және барлық қатысушылар үшін әлемдік биржалық саудаға ашық қол жетімділік.
10-МАҚСАТ: ТЕҢСІЗДІКТІ ҚЫСҚАРТУ

Агроөнеркәсіпті жоғары өнімділік пен кіріс арқылы жаңа деңгейге шығару, ел экономикасын жақсарту.

Ел тұрғындарының 42% -ы ауылдық жерлерде тұратындықтан, TDFA жүйесі қоғамның жаңа тұрақты класын құрады. Қызметкерлерге арналған ірі қара мал квотасы жүйеге енгізілетін болады.

11-МАҚСАТ: ТҮРАҚТЫ ҚАЛАЛАР ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

Ауылдарда жаңа инфрақұрылымды салу және жақсарту арқылы деурбанизация және елді мекендердің ашықтығы, қауіпсіздігі, тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

12-МАҚСАТ: ТИІМДІ ТҰТЫНУ МЕН ӨНДІРІС

Қор өз қызметінің барлық аспектілерінде ұтымды қағидаларды басшылыққа алады: талдау мен бақылаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, рационалды теңгерімді өндіріс, тауарларды ұтымды сатып алу, ұтымды маркетинг және рационалды тұтынуға ұмтылады.

13-МАҚСАТ: КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН КҮРЕС

Өсімдік шаруашылығы дегеніміз ауа температурасына және оның ластануына тікелей пропорционалды әсер ететін қалдықсыз өндіріс.

TDFA басқаруында жоспарланған жер аумағы 5 миллион гектар құрайды, сондықтан егілген өсімдіктердің үлкен жасыл массасы қосымша оттегі шығарады және көмірқышқыл газын сіңіреді.

14-МАҚСАТ: ТЕҢІЗ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ
Өкінішке орай осы мақсатты біз шешпейміз
15-МАҚСАТ: ҚҰРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ

Жерді құнарландыру және тиімді пайдалану. Минералды тыңайтқыштарды (NPK) өндіріп, оларды топыраққа енгізу арқылы біз гумустың жақсаруы үшін құнарлылық қасиеттерін топыраққа қайтарамыз.

Биологиялық алуантүрлілікті және тұқым генетикасын сақтау үшін Астық банкі құрылады.

16-МАҚСАТ: БЕЙБІТШІЛІҚ ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР

Жобаның бүкіл экожүйесіндегі жұмыс әрбір қатысушы үшін ашық және әділ болатын етіп құрылған.

Ол үшін Би институты құрылады, Биді тиімді менеджерлер сайлайды және кредиттік рейтингтерді басқарумен, сондай-ақ сақтандыру жағдайларын талдаумен айналысады.
17-МАҚСАТ: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН СЕРІКТЕСТІК

Дүниежүзілік азық-түлік банкінің жобасы шетелдік компаниялармен және саланың көшбасшыларымен жұмыс жасау арқылы, әлемдегі бірқатар мәселелерді шешеді. Халықаралық саудаға және жалпы экономикаға әсер ететін жоғары сапалы халықаралық қатынастарға әкеледі.

Біздің әлеуметтік бағдарламамыз

Бағдарламаның басты миссиясы Қазақстандағы және Африка елдеріндегі аштықты жою. Әлемде күніне 22 мың, ал жылына  8 миллион адам аштықтан қаза табады, бұл іс жүзінде Швейцария тұрғындарының санымен тең. Дүниежүзілік коронавирус пандемиясынын кесірінен бұл сан өсуде. Бұл үшін – Фонд табысының оннан бір бөлігі гуманитарлық көмек түрінде Қазақстанның және Африка елдерінің мұқтаж адамдарына жолданатын болады.




Өткен ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан тарихында қорқынышты апаттың бірі үлкен жұт болды. Ол миллиондаған адамдардың өмірін алып кетті, бұның қандай қорқынышты қайғы болғанын ата-әжелерімізден білеміз.
Бұндай трагедия ешкімнің басына келмес үшін, қолымыздан келгенше жұмыс жасаймыз.


Маслоу пирамидасына сәйкес, егер адамның тамаққа және қауіпсіздікке деген базалық қажеттілігін жапса, ол қоғамдастыққа және руханилыққа қарай ұмтылады. Сондықтан біз Африкада аштықты жоюмен қатар, сол континентте туындаған Убунту философиясын дамытқымыз келеді. Убунту адамгершілікке, әділеттілікке және сана сезімге шақырады, және зулу тілінен аударғанда «Мен өмір сүремін, өйткені біз өмір сүреміз» дегенді білдіреді.

Инклюзивті


TDFA бизнесті жүргізу үшін жаһандық “инклюзивті” деген тұжырымдамасын бизнес моделіне еңгізді. Мұндай модельдің негізгі принциптері келесілер:
  • мемлекеттік, жеке секторлар мен тұрғындар арасындағы синергия
  • пайданы бизнес-процеске қатысушылар арасында әділ бөлу
  • барлық қатысушылар үшін өзара тиімді даму
  • халықтың осал топтарын құндылықтар тізбегіне қосу
  • тікелей мұқтаж адамдарға арналған қажетті өнімдерді өндіру
  • саясатты әзірлеу бойынша Үкіметпен диалог жүргізу
  • білім алу үшін тең жағдайлар қамтамасыз ету