Жер

Жер біздің меншігімізде болмайды, біз тек жүйені басқарамыз.


Біздің басқаруымызда 5 миллион гектар жер болады. Көз алдыңызға елестетеу үшін бұл шамамен 1,5 Швейцария, 2 Израиль немесе 5 Катар.

Ал енді біз осыншама жерді қайдан аламыз деген сұрақ туындайды. 

Несие төлей алмағандықтан және табыстың төмен болуына байланысты, біздің көптеген агрокомпаниялар банкротқа ұшырады. Сол себептен үлкен агрохолдингтер жерлерінен айырылып, ол жерлер мемлекеттік «Проблемалық несиелер Қорына» берілді. Сонымен қатар коронавирус дағдарысы салдарынан, сонымен қоса жетік технология болмауынан бір жылдың ішінде, тағы да осы қорға 4 миллион гектар жер түседі. 
Агро холдингтердің басты проблемасы – олардың меншігіндегі жердің көлемі өте үлкен болуында: 200 мың га, 500 мың га, миллион га. 

Бұл жүйені құру үшін біз әлемнің түкпір-түкпірін аралап, Еуропаның, Американың, Канаданың және Аргентинаның үздік әлемдік тәжірибелері мен технологияларын зерттеп, біз таңғаларлық қорытындыға келдік: 10 мың гектарға дейінгі көлемдегі жер тиімді басқарылады. Көлемі 10 мыңнан көп жері бар агрокомпаниялар - банкротқа ұшырауы мүмкін. 

Осы жерден келесі сұрақ туады: егер де 10 мың гектарға жуық жер тиімді басқарылса, 5 миллион гектардан тұратын агрокомпанияны қалай басқарамыз? 

Осы сұрақтың жауабын біз франчайзинг технологиясында таптық. 
Мысалы, KFС, McDonald's, Starbucks секілді алып компаниялар, 100 000 астам кафелерін тиімді басқарады, бірақ олардың меншігінде бір де бір кафе жоқ.
Біз де сол алып компаниялар секілді тиімді система құрғымыз келеді. Жер халықтың жеке меншігінде болады, ал система біздің меншігімізде болады. Біздің жобамыз бойынша, 5 миллион гектар жерді біз 1000 адамға бөліп бергіміз келеді. Әрқайсына 5 мың гектарға жуық жерден беріледі. Ең бастысы, олар міндетті түрде 21 мен 35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары болуы тиіс. 
Жер ешкімге тегін берілмейді, ол жердің бағасы бар.

Жердің бағасы қанша?

Біз 5 миллион гектар жердің барлық қарызын жиынтықтап қосып, белгіленген  дисконт аламыз да, сол қарызды мың бөлшекке бөлеміз. Айтулы қарыз жердің құнына айналады. Сіз осы жерді 3 жылдан 7 жылға дейінгі аралықта бөліп төлеу арқылы сатып аласыз. Үкімет Қазақстан азаматы болып табылатын, біздің тиімді менеджерімізбен келісімге қол қояды, ол бойынша Тиімді Менеджер 3-7 жыл ішінде оны төлеп, кейіннен толық құқылы жеке меншік иесі болып шығуы тиіс.

Барлықтарыңызда: Тиімді Менеджер әлі жұмысын бастаған да жоқ, ал оның мойнына біреудің қарызын іліп қояды деген сұрақ туындауы мүмкін. 
Жоқ. Тиімді Менеджер үшін бұл қарыз емес, ол жердің құны. Сіз бұл жерді 5 жылдың ішінде бөліп төлеп сатып ала аласыз. Егер адал еңбек етсеңіз, біздің жүйе сізге 5 жылдың ішінде жердің құнын жабуға әрі жақсы табыс табуға мүмкіндік береді. 

Басқа сұрақ:  егер Тиімді Менеджер мұны орындай алмаса?

Егер сіздің қолыңыздан келмесе, сізді басқа тиімді менеджермен ауыстырамыз. Сізге ешқандай қосымша штраф пен қарыз салынбайды.

Жобаның авторы Абиев Марат