Сатып алу орталығы

«КӨТЕРМЕ САТЫП АЛУ - АРЗАН!» – Bayer, Syngenta, BASF, DuPont, Yara секілді және басқа да әлемдік алыптардан тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде 50% дейінгі жеңілдіктер алуға болады.

Сатып алу орталығының міндеті – тиімді менеджерлер үшін қосалқы бөлшектерді, инокулянттарды, сұйық тыңайтқыштарды, қорғаныс құралдары мен өзге химияны, сондай-ақ егіс жұмыстарына қажетті дизель жанармайын орталықтандырып сатып алу болып табылады.

Сатып алу орталығы өз жұмысында Білім орталығының аналитикалық ақпаратын басшылыққа ала отырып, барлық қажетті тауарлардың жылдық қорын қамтамасыз етеді.

Осы тұста біз не аламыз:

  • біріншіден, «көтерме сатып алу – арзан» өйткені тауардың бағасы алынатын партияның көлеміне және тауар өндірушіден алынған тауардың тікелей жеткізілуіне байланысты;
  • екіншіден, біз айтулы саладағы әлемдік жетекші өндірушілердің ең жоғары сапалы препараттарына екпін қоямыз;
  • үшіншіден, бұл фермердің төмен бағамен үздік тауарларды пайдалану мүмкіндігі, яғни өзіндік құнын төмендетіп, пайданы көбейту;
  • төртіншіден, UBER жүйесі бойынша біздің қызметкерлер үшін қосымша табыс табу мүмкіндігі. Логистика мен тауар біздің қызметкерлердің пикапымен жеткізіледі, бұл қажетті тауарды өте қысқа мерзімде жеткізуге мүмкіндік береді;  

Осылайша, барлық структура - тиімді жұмыс атқару мен ыңғайлылықты толық қамтамасыз ету жүйесі бойынша толық қызмет көрсетуге бағытталған.

Жобаның авторы: Елеужанова Дана