Университет
Біз жоғары сапалы теориялық және практикалық білім беретін және ең бастысы TDFA экожүйесінде кепілдендірілген жұмыс ұсынатын Қазақстандағы алғашқы университетпіз.
Заманауи агроөнеркәсіп сапалы білімді талап етеді.
Қазақстан агроиндустриясында кадр жетіспеушілігі - үлкен қиындық.

Қысқа мерзім ішінде қазақстандықтардың көбін қалай қамтимыз, оларға қалай лайықты білім бере аламыз?
Жауабы оңай - бұл онлайн білім беру. Біз онлайн білім беру платформасын құрамыз, онда кез келген адам әлемнің жетекші агроуниверситеттерінен (Саскачеван университеті, Альберта Университеті және Солтүстік Дакота университеті) өзекті білім ала алады.
Техникалық қолдау жасайтындар: MIT online University, TEDX, Coursera, EdX и Future

Білім беру жүйесі
- Агрокультура және TDFA жүйесі туралы білім беру бағдарламасы
- «pool» көшуге лицензия алу (үміткерлер базасы)
- Тегін және қол жетімді білім алу
- Мамандық және бағыт таңдау
- Практикалық сабақтар
- Практикалық білім алу үшін теориялық лицензия алу
- Базалық кредиттік рейтингті анықтау, лицензия алу және толыққанды жұмысқы көшу.
Қазақстанда 21 жастан 35 жасқа дейінгі 5 миллионнан астам адам өмір сүреді. Олар фондымыздың Тиімді менеджері бола алады. Олардың арасынан әділ таңдау әдісі бойынша 1200 озық үміткер таңдалады.
Бұдан әрі тиімді менеджер өзіне команда жинайды. Оған әлемнің кез келген нүктесіндегі, қашықтықтан тегін білім алған, Қазақстанның кез келген азаматы бола алады.
Әркім өз смартфоны немесе ноутбугі арқылы лекция тыңдап, емтихан орталығына сынақ тапсыруға барады, онда оның тұлғасы анықталып, тестілеуге жіберіледі. Емтиханды табысты тапсырған жағдайда - оның кредиттік рейтингі көрсетіліп, базалық лицензия алады да, деректер базасына енгізіледі.Бұдан әрі, практикалық лицензия алынады.
Бұл үшін Тиімді Менеджер деректер базасына кіріп, онда өз командасына қызметкерлер жинайды.
Осыдан кейін ол Фондқа практикалық білім алу үшін сұраныс жолдайды. Олар егістікте кәсіби агрономдармен практикадан өтіп, John Deere, Claas, Case секілді тренажерлық агротехниканы игереді.
Бір жылғы оқудан кейін сіздің командаңыз толық құрылады.
Мамандықтар
Ауыл шаруашылығының тиімді нәтижелеріне қол жеткізу үшін команданы, жүйені және деректерді басқаруды қамтамасыз ететін тиімді менеджерлерді даярлау.