Білім орталығы

Жұмыс механизмі:

Тиімді Менеджер немесе оның қызметкері Білім Орталығына қоңырау шалады, онда Жасанды Интеллектісі бар жүйе, клиенттің  спутниктік жүйе деректеріндегі  оның жер үлескісін сәйкестендіріп, сол мезетте-ақ барлық  агрооперация тарихын көріп тұрады.
 
Мысалы, клиент өз проблемасын айтып жүгінді делік, оператор қоңырауды тиісті департаменттің Метеорологына, Топырақтанушысына, Агрономына немесе Ғалымына жолдайды.  

Білім орталығы қандай қызмет көрсетеді? 

  • өсімдіктерді қорғау бойынша;
  • тыңайтқыштарды қолдану жөнінде; 
  • агротехника бойынша;
және әрбір агродақылдар жөнінде жеке консультация береді. 

Нақты болжам алу үшін дүние жүзінің 1000 жуық метеостанциялары мен барлық спутниктерінен деректер жиналады: 

Қашан себу? Қашан қорғау және қашан жинау? 
  • Аурулар мен зақымдаушылардың пайда болуын анықтау үшін егістікті 50 авиа-скаутер дрондардың көмегімен бақылап отырады. 
  • Топырақ пен жапырақтың анализін алу үшін жаңа заманауи құралдармен жабдықталған 70 мобильді зертхана пайдаланылады.
Барлық деректер сол мезетте-ақ жедел және нақты шешім қабылдану үшін Білім Орталығына жөнелтіледі. Барлық жұмыс  SAP және Syngenta Cropio арнайы жүйесінде жүргізілетін болады.
CROP DEVELOPMENT CENTER ғылыми-практикалық база дән-дақылдардың жаңа сорттарын (сұрыптарын) әзірлеп жасап шығаруымен айналысады.                       

Айтулы орталықтың артықшылықтары мынадай:  

  1. Агродақылдарды терең және жан-жақты зерттеуге арналған ультра-заманауи зертхана;
  2. Өсімдіктердің вегетациясын сынау мен бақылауға арналған  жоғары технологиялы теплица кешендері;
  3. Лайықты еңбекақысы бар әлемнің 60 озық ғалымы;
  4. Тұқымның сатылынуынан түскен роялти түріндегі кіріс - ғалымдар мен ғылыми орталық арасында тең үлесте әділ бөлінетін болады;
  5. Ең бастысы - тұқымның ауруларға және зиянкестерге қарсы, құрғақшылыққа тұрақты жоғары өнімді сорттарын шығару.
Жобаның авторы: Балгабаева Салтанат / Туркпенов Аскар