Сауда Үйі

Ол қалай жүзеге асырылады?

  1. Жыл басында Сауда Үйі мен тиімді менеджер барлық болашақ егініне, бекітілген жеңілдігі бар фьючерстік келісім-шарт жасайды.
  2. Сауда Үйімен келісім-шарт жасап, тиімді менеджер банкке келеді, банк аталмыш келісім-шартты кепіл ретінде қабылдап, қаржыландыруды бастайды.
  3. Сауда Үйі әлемдік өндірісті, сұраныс пен егіс айналымына талдау жасап,  тиімді менеджерлерге қандай дақылдарды және қандай көлемде себу керектігі туралы директивалар береді. Осы директива бойынша «Астық банк» тиімді менеджерге егінге дәндер береді. Айтулы механизм сұраныстан артық өндіруді және сыртқы нарықта бағаның түсіп кету қаупін болдырмау үшін қажет, өйткені барлық фермалардың жалпы өнімділігі жыл сайын 20 млн. тонна өнім құрайтын болады.
  4. Қыркүйекте Сауда Үйі, жыл басында фьючерстік келісім-шартта айтылған, Сауда Үйінің сыйақысы мен логистикасын алып тастап, Чикаго биржасының белгілеген бағасы бойынша астықты сатып алады.
  5. Тиімді менеджер Сауда Үйіне астықты тапсырып, банк алдындағы барлық міндеттемелерді шегерумен, өз табысын алады.  
Сату операциясы Чикаго биржасының белгілеген бағасы бойынша жүргізілгендіктен, әр тиімді менеджер жылына миллион долларға жуық ақша табу мүмкіндігін алады. Жоғары биржалық бағамен сату үшін кем дегенде мұхитқа шығу мүмкіндігі болуы керек. 

Қазақстанның ашық мұхитқа шығу мумкіндігі болмау себебінен, біз үшін  SWАP-операциялары қажет. Картаға назар аударсақ, онда Қытай жерінің жалпы аумағының тек 10 %-на жуығы ғана егіншілікке жарамды, ал жердің қалған 90% жарамсыз болып табылатынын көреміз. Қытай үшін Астықты шығысынан батыс аумақтарына жеткізу логистикасы қымбатқа түседі, ал егер Қазақстан картасына назар аударсақ, Қазақстанның мұхитқа шығуы, өте киын және қымбатқа түсетінін  көреміз.  

Енді бір-бірімізге қалай көмектесе аламыз?

Жауабы өте оңай. Біз өзара алмастыру жасаймыз. Қытайдың 90% аумағында жарты миллиард  адам өмір сүретін батыс бөлігін қазақстандық астықпен қамтамасыз етеміз, ал орнына Қытайдың оңтүстік порттарынан Қытай бидайын алып Жапония, Корея, Сауд Арабиясы, Египет, Индонезия және басқа да көптеген клиенттерімізге жеткіземіз. 

Қытай логистикаға деген ақшасын үнемдейді, біз мұхитқа арзан шығу жолын табамыз. Барлығы риза. 
Сауда Үйінің SWАP-операцияларын жасау мүмкіндігінен, тиімді менеджер мен мемлекетіміздің табыс көзі көбейіп, өмір сүру деңгейі жақсарады.

Біз өз еліміздің фермерлері Американдық және Канадалық фермерлер деңгейінде табыс табуы әділ деп есептейміз. Бұл мақсат үшін біз әр тиімді менеджерге мөлшері 1 миллион доллар табыс табуын жоспарладық!       

Жобаның авторы: Новицкий Антон