Сақтандыру фонд

Көптеген сақтандыру фондтар кіріс пайда табуға бағытталған, ал кірісті олар төленбеген сақтандыру жағдайларынан алады. Олардың келісім-шарттарында ұсақ әріптерді, жеткіліксіз мөлшерде сақтандыру төлемдерін және сақтандыру қорының пайдасына соттық істі жеңіп алатын ақылды заңгерді көреміз. Олар сақтандыру жағдайын көбінесе өз пайдаларына шешеді.

Осыған ұқсас әділетсіздікті болдырмау үшін, фонд сақтандырудың басқа үлгісін ұсынады:
  • Фермер, жыл сайын өзінің өндіріс құнының 10% құрайтын, міндетті сақтандыру төлемақысын төлейді.
  • Фонд фермерді қолдап, ол үшін өз қаражатынан 10% төлемақы төлейді, осылайша фонд фермермен тәуекелділікті бөлісіп, оның жетістігіне деген қызығушылығын білдіреді.  
  • Осылайша біз сақтандыру ұйымдарының әлемдік стандартына теңесеміз, онда «қаупі жоғары егіншілік аймағы үшін  сақтандыру сыйақысы 20% құрауы тиіс» деп айтылған. 
Астықпен бірге барлық техника және мал сақтандырылады.  

Сақтандыру жағдайын және төлем жүргізу туралы шешімді Билер қабылдайды, ал Билерді Тиімді Менеджерлер өздері сайлайды. Осы Билер   сақтандыру төлемінің жүргізілуіне жауап береді.

Табиғи апат пен келтірілген мүліктік залал туралы тәуелсіз шешімді Білім Орталығы шығарады.

Инвесторлар үшін бұл өте маңызды, өйткені механизм барлық инвестициялардың қайтарылуына және апаттық қауіп салдарынан дефолтқа ұшырамауға кепілдік береді.

Жобаның авторы: Джаукенов Жанибек