Әлемдік Азық-түлік банкі

Жарты миллиард адамды тамақтандыра алатын идеяны түсіну үшін, елдің азық-түлік қауіпсіздігі деген не екенін талдап өтейік.

Сонымен, Пандемия немесе басқа да қауіп қатер болған жағдайларға байланысты, кез-келген мемлекет бір немесе бірнеше жылдарға жететін азық-түлік резервін қамтамасыз етеді. Төтенше оқиға туындаған кезде бұл жүйе экономикалық тұрғыдан өзін ақтайды, егер төтенше оқиға болмаған жағдайда бұл өте шығынды және тиімсіз жүйе болып табылады. Бірақ біздің модель жағдайды
түбегейлі өзгертеді.

Мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі қалай жұмыс істейді?

Мысалы, Сауд Арабиясы бейбіт уақытта азық-түлік резервін толтыру үшін, бидайды әлемдік биржа бағасымен сатып алады. Сонымен қатар, сатып алынған бидайдың логистикалық шығындары өте қымбат және ұзақ мерзімде сақтау кезінде сапасы төмендейді. Төтенше жағдай болмауы және сапасы нашарлау себебінен, резервтегі азық-түлікті кем дегенде 50% жеңілдікпен сатуы тиіс, осылайша мемлекетік бюджет шығындалады. Резерв неғұрлым көп болса, шығын соғұрлым көп болады.

Осы мәселені шешу үшін TDFA ұсынысы:
Біз Қазақстанда 50 млн.тонна көлемінде түрлі дақылдарды сақтайтын 250 элеватор салуды ұсынамыз. Элеваторлардың 100% иелері астық импорттаушы мемлекеттері болады. Бұл банктің депозиттік ұяшықтары сияқты.
  1. Олар Қазақстан Үкіметі азық-түлік экспорты мен транзитіне тыйым сала алмайтын арнайы аймақтарда болады. Шамамен айтқанда, элеваторларда арнайы мәртебе болады. 
  2. Мемлекеттердің сұрауы бойынша біз элеваторлардағы астық қорын жаңартатын боламыз. Ескірген астықты сауда үйі сататын болады, ал жаңа астықпен біз резервтерді жаңартамыз.
  3. Элеваторлардің құрылысы импорттаушы мемлекеттер есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар, көптеген әлемдік инвестициялық фондтар оларға арзан несие беруге дайын, өйткене бұл жүйе Біріккен Ұлттар Ұйымының ашаршылықты жою жөніндегіне басты мақсатын қанағаттандырады.
  4. Элеваторлардың өзіндік құны ақталып, пайда әкеледі. Егер мемлекет TDFA-ға элеваторларды басқаруда сенім білдірсе, олар азық-түлік қауіпсіздігі резервінің 50% - ын қалдырады, қалғанын TDFA басқаруына береді. TDFA бұл элеваторлардың бағасын 10 жыл ішінде ақтауға және кейіннен дивидендтер түрінде кіріс беруге немесе елдердің азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін резервтерді толтыруға міндеттенеді.
  5. Әр мемлекет қордың SAP онлайн-жүйесіне еркін кіре алады, онда олар дақылдардың көлемін, ылғалдылығын, дақылдардың түрлерін, әлемдік баға ұсыныстарын және сонымен қатар астықты өзінің есептік жазбасы арқылы сатып алып және сата алады.
  6. Егер импорттаушы мемлекет трейдингпен айналысқысы келмесе және ол элеваторлардың өтелуіне қызығушылық танытпаса, онда біз екі жылда бір рет сақталатын астықты жаңартуды ұсынамыз. Жаңарту құны барлық сақтау көлемінің 3% - ын құрайды және бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігіне жұмсалатын шығындарды 8 есе қысқартуға мүмкіндік береді.

Неге бұл импорттаушы-елдер үшін пайдалы?

  • тарихта алғаш рет олар кепілдендірілген лимитсіз және шығынсыз азық-түлік қауіпсіздігіне ие болады
  • қандай да бір шектеулерден арнайы мәртебемен қорғалатын болады
  • коммерциялық емес резервтік қордан сенімді сақтандыру алады
  • элеваторлардың бағасы ақталып, пайда әкеледі
  • ең бастысы, ауыр күндер туғанда олар көптеген өмірді аштықтан сақтап қалатын, жаңа өнім алып тұрады.
Жобаның авторы: Махметов Аманай