Кен орны мен Зауыт

Минералды тыңайтқыштар не үшін қажет?

Өсімдіктерге қажетті барлық пайдалы заттар топырақтың құрамында болады. Егер де бір аумақта дән-дақылдарды жыл сайын қайта-қайта өсіре берсе, топырақ сарқылып, құнарлығынан айырылады және өсімдіктердің өсуіне қажетті элементтердің құрамы сөзсіз қысқарады.

Минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығында пайдалану - топырақтағы элементтер қорын толықтырып,құнарландырып, егін мөлшерін едәуір көтереді.

Жобада фосфорит кен орнын игеру мен жылына 1 млн 600 мың тонна минералды тыңайтқыштарды шығаруға арналған зауыттың құрылысы қарастырылған.Бұл зауыт Фондтың аммофос, сульфоаммофос және фосфор ұны сияқты минералды тыңайтқыштарға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Еуропада ауыл шаруашылығына бөлінетін үлкен субсидилерге байланысты нарықта минералды тыңайтқыштарға деген бағаның жоғары және әділетсіз екендігі белгілі. Фонд жүйесінде фосфоритті кен орны мен минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың болуы - минералды тыңайтқыштарға жұмсалатын қаражатты екі есеге дейін азайтады.
 
Қазақстан минералды тыңайтқыштар шығаруға керекті фосфордың қоры бойынша әлемде екінші орында, яғни еліміз үшін бұл экономикалық артықшылық екені сөзсіз.

Сонымен қатар, КПО, ТШО, NCOC секілді мұнай секторындағы отандық алыптар, сульфоаммофостың шығарылуына өте қажетті, түйіршектелген күкіртті тегін беруге дайын.

Жобаның авторы Кеңесбайұлы Серікжан