Билер институты

Жаңа технологиялар мен жаңа жүйелерді зерттей отырып, әділеттілік мәселесінде, біз тарихымызда 300 жыл бұрын болған және өзінің тиімділігін дәлелдеген – БИЛЕР ИНСТИТУТЫНА жүгіну қажет деген қорытындыға келдік.  

Айтеке Би, Төле Би, Қазыбек Би сияқты Билерді әркім біледі. Халық оларды сыйлап, олардың адалдығы мен әділдігіне бас иген. 

Шоқан Уалиханов өз еңбектерінде, тіпті Ресей Көпестері де Билерге жүгініп, олардың шығарған шешіміне сенетіндігін жазған. 
  1. 1200 Тиімді Менеджер Би лауазымына тікелей туысы болмайтын және сотталмаған кандидат ұсынады;
  2. Ең көп дауыс жинаған үш кандидат - Бас Би болып сайланады;
  3. Би лауазымына кандидат болу үшін, Фонд университетінде тегін онлайн оқып, лицензия алу керек;
  4. Фонд айына 20 мың доллар мөлшерінде Би еңбек ақысын төлеу міндеттемесін мойнына алады;
  5. Жемқорлық пен әділетсіз шешім шығарған үшін тиімді менеджер немесе Фонд биді қызметінен босата алады. Бірақ жаңа Биді Тиімді менеджерлер сайлайды;
  6. Билердің шешімі нақты және соңғы болып табылады әрі шағымдануға жатпайды. 

Би қандай қызмет Атқаруы тиіс? 

  1. Би фонд жүйесіндегі әділдікті қадағалайды және тиімді менеджер мен фонд арасындағы әділ тепе-теңдіктің сақталуын бақылайды.
  2. Сақтандыру төлемдері жөніндегі мәселелерді шешеді.
  3. Кредиттік рейтингтің төмендеуіне немесе жоғарылауына бақылау жүргізеді.   
Билердің жұмысы Фондымыздың “КОРПОРАТИВТІК ӘДІЛДІК КОДЕКСІНЕ” негізделетін болады.
 
Оған өзгерістер мен толықтыруларды тиімді менеджер және Фонд SAP онлайн жүйесінде жасайды. 

«Астана» Халықаралық Қаржылық Орталығының Соты 

Шетел инвестицияларын қорғау және халықаралық қаржылық институттарымен жұмыс істеу үшін Фонд пен оның барлық заңды құрылымдары, тиімді менеджерлер, «Астана» Халықаралық Қаржылық Орталығының аумағында тіркеледі. Олар Англия мен Уэльстің заңды құқығы бойынша жұмыс істейді. 
 
«Астана» Халықаралық Қаржылық Орталығының Соты өз қызметінде тәуелсіз болып табылады және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне бағынбайды. Сот «Астана» Халықаралық Қаржылық Орталығының аумағында өтетін болады, онда Ағылшын  Лордтары судья болып табылады. 
Осы соттың заңдылығы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында жазылған. 

Кредиттік Рейтинг жүйесі 

Жүйе қалай жұмыс істейді және кредиттік рейтинг неге байланысты?

1. Университетке 
Адам оқуды аяқтағаннан кейін Фонд жүйесіне еніп, оның базалық кредиттік рейтингі университетте тапсырған сынақ нәтижесіне байланысты болады. Жақсы нәтиже алса – жоғарғы базалық кредиттік рейтинг, нашар нәтиже болса – кредиттік рейтинг төмен болады. 

2. Білім орталығына
Егер тиімді менеджер Білім орталығының ұсыныстарын дұрыс орындаса, оның кредиттік рейтингі өседі, егер ұсыныстар орындалмаса -  кредиттік рейтинг төмендейді.  

3. Банкке
Егер тиімді менеджер мен оның қызметкерлерінде төлем тәртібі жоғары болса, онда кредиттік рейтинг өседі, егер төмен болса, тиесінше – төмендейді. Сонымен қатар, кредиттік рейтингтің өсу шамасына қарай  ипотека, автокредиттеу және балаларды шетелде оқыту секілді өнімдер ашылады, ал төмендеген кезде, сәйкесінше - бұл кредитті өнімдер жабылады. 

4. Кредиттік рейтингтің адам тағдырына  тікелей әсер ететінін түсіне отырып, осы рейтинг жемқорлық жолымен көтерілуі немесе фонд тарапынан келген әділетсіздік жолымен – төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты, кредиттік рейтингтің көтерілуін немесе төмендеуін БИЛЕР растайды. 

Командалық жұмысты күшейту мақсатында: тиімді менеджердің кредиттік рейтингісіне оның қызметкерлерінің кредиттік рейтингісі тікелей тәуелді,  яғни, егер тиімді менеджер төмен нәтиже көрсетсе – онда бүкіл команданың рейтингі төмендейді. Тиесінше, ипотекаға және өзге кредиттік өнімдерге пайыздық мөлшерлеме өседі. 

Сондықтан, жақсы нәтижелер көрсеткен кезде кредиттік рейтинг өседі, кредиттік өнімдер бойынша пайыздық мөлшер азаяды. Осы ретте, егер тиімді менеджер немесе оның қызметкерлері өте нашар кредиттік рейтинг алса, олар жүйеден шығарылады.
Сондай-ақ жемқорлық пен ұрлық жасағаны үшін де жүйеден шығарылуы мүмкін.

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ҰРЛЫҚПЕН КҮРЕС 

Қазіргі таңда көптеген салаларда жемқорлық пен ұрлық болып тұратыны құпия емес. Жемқорлық – бұл жүйе паразиті.  Біз оны жүйеміздің ішінде жоюға тиіспіз. Мұның бәрі - барлық қатысушылардың бақытты өмір сүруі үшін жасалады.  

Бұрын жабайы батыста, бандитизм мен заңсыздық өркендеген кезде, құқық қорғау органдары адамдарды тәртіпке келтіре алмады. Сонда АҚШ үкіметі бір өте тиімді – БАС КЕСЕР АҢШЫЛАР атты амалға жүгінді.  

Бұл қалай жұмыс істейді?

Қазақстанның КЕЗ КЕЛГЕН АЗАМАТЫ Фонд университетінде пара беру әдістері мен механизмдері туралы онлайн білім алуға құқығы бар. Мысалы, пара берудін түрлері: тікелей, туыстары арқылы, достары арқылы, сыныптастары арқылы.... Университет пара берудін жетілген әдістерін оған үйретеді.

Ол лицензияны онлайн алады. Процедура тегін және жасырын болып табылады. 

Лицензияны алғаннан кейін, “Бас кесер Аңшы” өз қызметін бастайды. 

Жұмыс механизмі:

Фондтың жемқорлыққа қарсы сайтында жүйенің әр қатысушысына арналған бағалар тізімі қойылатын болады: 

Мысалға: 
  1. Бас би үшін  - 50 мың доллар
  2. Жергілікті би үшін - 30 мың доллар
  3. Кредиттік менеджер үшін - 20 мың доллар
  4. Қойма меңгерушісі үшін - 10 мың доллар
Тағы да басқалар

Бас кесер Аңшы пара алатын адамдарды анықтауы тиіс. ФОНДТЫҢ Қауіпсіздік Қызметі параның төленуін қамтамасыз ету үшін оған қаражат ұсынады. 

Жиналған ақпаратты Бас кесер Аңшы Қауіпсіздік Қызметіне тапсыруы тиіс, Қауіпсіздік Қызметімен Билер бірігіп, ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексереді. 

Жемқорлық пен ұрлық фактілерін Би және Қауіпсіздік Қызметімен расталғаннан кейін, «Бас кесер Аңшы» бағалар тізімі бойынша өз сыйақысын алады, ал жемқор, жүйеден шығарылып мемлекеттік құқық қорғау органдарына тапсырылады.   
Жемқорда төленбеген ипотека немесе автокредиттер болған жағдайда, аталған активтер алынып, фонд пайдасына беріледі. Егер барлық несие төленген болса, мүлік өз меншігінде қалады.

Фондтың Қауіпсіздік қызметкерлері бұзақыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға ынталандырылған, бас бостандығынан айырылып, жаза алған әр қылмыскер үшін 3 мыңнан 5 мың долларға дейін қосымша сыйақы алады. 

Егер Би Қауіпсіздік Қызметімен бірлесіп негізсіз  жемқорлық ісін жапса, Бас кесер Аңшының Фонд Төрағасына жүгінуге құқығы бар, ол іс қаралып, жемқорлық әрекеттің болғаны дәлелденсе – Бас кесер Аңшы Би үшін де Жемқор үшін де сыйақы алады. 

Бас кесер Аңшылар жасырын және тек сыйақы алу үшін ғана жұмыс істейді. Әр жемқор мен ұрының жеке тұлғасы Фонд сайтында жарияланады. 

Бас кесер АҢШЫЛАР САНЫ ШЕКТЕЛМЕГЕН!

Жобаның авторы: Шуренова Динара