Банк

Әлеуметтік сауалдамаға сүйенсек, егер де адамға кредит ақшалай түрінде берілсе, ол адамда ақшаны тиісті емес мақсатта жұмсауға қызығушылығы туындайтыны анықталды.  Осы проблеманы шешу үшін біз  ислам банктерінің жұмыс технологиясын алдық.

Агро Инвест Банк (АИБ). 

Банктің негізгі міндеті - фондтың барлық экожүйесін толық қаржылық қамтамасыз ету болып табылады. 

Бұл қалай жұмыс істейді?

  1. Тиімді менеджер біздің банкте шот ашады
  2. SAP, Cropio секілді бағдарламалардың "Үлкен деректер" технологиясының көмегімен тиімді менеджер туралы, оның жері туралы, қызметкерлерінің білімділігі туралы және тағы басқа барлық ақпарат қолжетімді. Осы деректерге сүйене отырып, 1 секундта шешім қабылданады. 
  3. Шешім қабылданғаннан кейін, тиімді менеджер үшін мына өнімдер: дән-дақылдар сатып алуға, сатып алу орталығының тауарларына деген қолжетімділік, МТС қызметіне қолжетімділік, ал МТС үшін техника лизингіне қолжетімділік ашылады. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы бағдарламасы арқылы ақшаны тарту себебінен, банк кредитті 4%-дан 7% дейін жылдық мөлшермен береді. Пайыздық мөлшерлеме қарыз алушының кредиттік  рейтингіне толық байланысты. 

Кредиттік өнімнен алынған сыйлықақының барлық төлемдерін тиімді менеджер өз мойнына алады.

Жобаның авторы Аяпбергенов Тимур