Ауыл 2.0

Ауылды тұрақты дамыту бағдарламасы. Фонд моделі бойынша 100 ауылды дамыту қарастырылған. Әрбір ауылда 12 Тиімді менеджер мен олардың  300 дей қызметкерлері болады.
Егістік жердің әр 50 мың гектарына 1 ауыл турғызуы жобаланған.

Сіздер түсініп отырғандай, Тиімді Менеджерлер өте жақсы табыс табады. Бұдан әрі біздің бағдарлама бойынша Тиімді Менеджер өз ауылының инвесторы болады, ол өз кірісінен жыл сайын міндетті түрде жарна бөледі.
  1. 12 Тиімді Менеджер ТДФА-мен ауылды дамытудың 10 жылдық бағдарламасын орындауға арналған келісім-шартқа қол қояды. Ол бағдарламада мектеп, бала бақша, медициналық орталықтар секілді әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерді салу жөніндегі міндеттерді орындауға арналған табыстың 33% төлеу туралы шарт жазылған.
  2. 12 Тиімді Менеджер ауылды дамыту фондын құрып, оған басқарушы тағайындайды. Оның міндеті: ауылды дамыту бағдарламасының орындалуын бақылау, құрылысты басқару, сондай-ақ подрядчиктерге ақшалай төлем жасап, Фондқа есеп беру болып табылады. 
  3. Басқарушы салынып жатқан әлеуметтік және коммерциялық объектілердін қызметкерлеріне жалақы бөледі, сондай-ақ ауылды дамыту қорының ақшасына салынған осы объектілердің кірістерін бақылайды.   

Қазір сізде неге Тиімді менеджер өз табысының 33% беруге тиіс деген сұрақ туындауы мүмкін? 

Қазіргі таңда Қазақстанда табысыңыздан минимум 35% салық ретінде төлер едіңіз және сіз осы ақшаңыздың қайда жұмсалғанын білмейсіз. 

Осы жүйеде - салық 0%. Бір ауылда тұратын 12 Тиімді Менеджер ауылды дамыту қорын құрайды. Олардың әр қайсысы жыл сайын қорға ақша құйып, өз есебінен ауылды дамытады. 

Сондай-ақ Тиімді Менеджерлердің қызметкерлері де мал сатудан түскен пайданың 33% сонда салады. 

Фондтың экожүйесіндегі активтер теңгерілген. Жер - 1000 ТМ-де, техника 200 МТС ТМ-нің қолында және 30 мың қызметкердің ірі қара малы болады. 
  1. ТДФА өз есебінен әр ауылда 10 мың ірі қара малға арналған 10 бордақылау алаңдарын салады
  2. ТДФА репродукторлардан бұзаулар сатып алып, олар кредиттік рейтинг пен лауазымдарына сәйкес Тиімді Менеджер қызметкерлерінің арасында квота бойынша беріледі, бұл орташа алғанда әр адамға 33 ірі қара малдан келеді.
  3. Квотаның 300 иегері бордақылау алаңының басшысын таңдайды, одан әрі бордақылау алаңының басшысы өзіне ТДФА университетінен 20 лицензия алған қызметкерін жумысқа шақырады. Бордақыланған малды сауда үйі сатқаннан кейін қызметкерлердің шотына бонус түседі. Одан 33% ауылды дамыту фондына арналған жарна мен сақтандыру сыйақысы төленеді.
  4. Ірі қара малға байланысты барлық тәуекелді коммерциялық емес резервтік сақтандыру фондымен сақтандырылады. Асыл тұқымды бұзауларды бордақылау үшін Қазақстан нарығынан сатып алынады, алайда осынша малды Қазақстаннан жинап алу қиынға соғуы мүмкін.  Ондай болған жағдайда, шетелден асыл тұқымды 200 мың бас ірі қара мал сатып алынады. Репродукция мен жемшөп дайындау үшін әр тиімді менеджерге 200 бас және 4000 гектар жайылым жер бөліп беріледі. 
5 жыл ішінде біз асыл тұқымды мал басын 1миллионға жеткіземіз және әр ТМ жылына 500 мың АҚШ доллары көлемінде қосымша пайда табады.

ТДФА бұдан қандай пайда алады? 

  1. Миллион бас ірі қара малды сатудан түскен табыс 
  2. Логистикалық шығындарсыз 5 млн. тонна арпа, жоңышқа, жемшөп пен жүгері сату 
  3. Тиімді Менеджер қызметкерлеріне арналған қосымша ынталандыру 
  4. Иелік етудің осы схемасы малдың ұрлануын болдырмайды және бордақылауда қызметкерлер жоғарғы жауапкершілікті сезінеді, өйткені малдың иесі бөтен біреу емес, ауыл адамдары болып табылады. 
Тиімді Менеджерлерге жұмыс істейтін әр тұрғынның өз сиыр квотасы болады. Сондықтан бордақылау цехының басшысын олар өздері сайлайды. Осы ретте цехте ірі қара малға жалдамалы адамдар ғана қарайды.  
Бір жүйедегі млн бас ірі қара мал – дүние жүзіндегі ең үлкен мал басы болып табылады. 

Егер бір адамның қолында млн бас ірі қара мал болса – ұрлық көп болуы мүмкін. Ал енді, мал ауыл тұрғындарының бәрінің меншігінде болса, әрқайсысы өз малының дені сау, жақсы өсіруіне талпыныс жасайды. Өйткені олар малдың бағасы салмағына қарап құрылатынын түсінеді. Салмақ көбейгенде– малды қымбатырақ сата алады. Бір сиыр үшін сыйақы мөлшері 100 ден 300 долларға дейін болады. Ал егер мал өліп қалса – ештеңе алмайтынын да түсінеді. Осылайша, ұрлау мен малды қараусыз қалдыру мәселелері туындамайды.  Малдың көп санын ескере отырып, ауылды дамыту бағдарламасында ірі қара малдың қалдықтарын өңдеу бойынша 100 неміс зауытын сатып алу көзделген. Олар тұрғындарды тегін жанармаймен және электрэнергиясымен қамтамасыз етуге арналған, ол зауыт ауылды дамыту фондының қаражатына орнатылатын болады.

Жылына 300 мың адамды энергиямен қамтамасыз етуге жеткілікті болатын, шамамен 350 мың мегаватт электр қуатын алу мүмкіндігі бар. Немесе көлікке арналған 114 млн кубометр биогаз аламыз, автомобилдің жылына орташа есеппен 18 мың км жүріп өтетінін ескерсек, бұл 30 мың автомобильдің  жылдық тұтынуына жетеді.

Органикалық егіншілікті дамыту үшін 2 млн. тонна органикалық тыңайтқыштар шығарылады. Аталған өндірістің түрлері ауыл инфраструктурасына жағымды әсерін тигізіп, ауыл тұрғындарының әлауқатын көтереді. 

Жобаның авторы: Бахтыгалиев Арсен / Попов Алексей