Компания

Біз туралы

TDFA қызметінің негізгі бағыты - әлемде бірінші болып, Қазақстан аумағында тік интеграция мен тік координацияны бірге қолданатын жаңа аграрлық модельді енгізіп, ауыл шаруашылығын жүргізу.    

Бұл жүйеде, Қазақстан азаматы болып табылатын 1000 тиімді менеджерлер 5000 гектардан жерді меншігіне алып иелік етеді. Ал агротехника 200 МТС тиімді менеджердің меншігінде болады.


1.png
Тимур Аяпбергенов
C E O

Негізгі стратегиялық миссиялар мен мақсаттар

Бұл жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының 17-ден туратын тұрақты даму мақсаттарының 16-ысын шешеді. Оның ішінде аштықты жою, лайықты жұмыс және экономикалық өсу
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тиімді және ашық қызметін қамтамасыз ету үшін қордың жабық экожүйесін құру

Қалалардағыдай өмір сүру деңгейімен 100 ауылды дамыту. 100 мектеп, 100 аурухана, 100 балабақша салу жоспарлануда

Қазақстан Республикасының және астық импорттаушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту

Бұл нәтижелерге барлық мүдделі тараптар арасындағы сенім, құрмет және ынтымақтастыққа негізделген қатынастарды дамыту арқылы қол жеткізіледі.

Осындай іргетас тиімді жұмыс істеуге және ортақ мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

1-МАҚСАТ: КЕДЕЙЛІКТІ ЖОЮ

Салалық шешім жаңа жұмыс орындарының ашылуына, елдің ЖІӨ-нің ұлғаюына және қазіргі кезде Қазақстан халқының 42% -ы тұратын ауылдық жерлерде қоғамның жаңа тұрақты тобының құрылуына әкеледі.

Біз таңдауды капиталы жоқ адамдардың пайдасына береміз, олар өздерінің еңбекқорлығы мен ақыл-ойының арқасында жетістікке жетуге және бай болуға талпыныс жасайды.

2-МАҚСАТ: АШТЫҚТЫ ЖОЮ

Осы жоба ең озық технологияларды, тұқымдарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдаланатын әлемдегі ең ірі ауылшаруашылық холдингі болады.

Соңдай-ақ ауылшаруашылық жерлерін пайдаланудың тиімділігін арттырып, Қазақстан Республикасының аумағында азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін нығайтады. Сонымен қатар Африканың мұқтаж елдеріне көмек беру шеңберінде де үлесін қосады.

Ол үшін Қазақстан аумағында Дүниежүзілік Азық-түлік банкі құрылады, ол көптеген елдердің азық-түлік қорларын сақтауға мүмкіндік береді.

3-МАҚСАТ: ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТ

Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту - бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Даму бағдарламасы жаңа формациядағы фермерлерге өздерінің кірістерінің 33% құрайтын бөлігін медициналық және спорттық-сауықтыру орталықтарын құруға, сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға міндеттейтін әлеуметтік жауапкершілікті қарастырады.

4-МАҚСАТ: САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Университет құру және тиімді менеджерлер мен олардың қызметкерлеріне арнайы білім беру. Фермер болып табылатын тиімді менеджерді ғылыми қолдау үшін Білім Орталығын құру

5-МАҚСАТ: ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК
Әр әйел жақсы, лайықты жұмыс орындарына қол жеткізе алады және ер адамдармен тең дәрежеде тиімді менеджер бола алады.
6-МАҚСАТ: ТАЗА СУ ЖӘНЕ САНИТАРИЯ

Бұл бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Барлық елді мекендерде санитарлық нормаларға сәйкес келетін қол жетімді таза ауыз су болуы керек.

7-МАҚСАТ: АРЗАН ЖӘНЕ ТАЗА ЭНЕРГИЯ

Биогаздан биометан өңдейтін зауыт салу арқылы елді мекендерге қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Осылайша, адамдар барлық көліктер үшін тегін газ, электр қуаты, жылу, ыстық су және биогазға қол жеткізе алады.

8-МАҚСАТ: ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Жобаны жүзеге асыру қоғамның әлеуметтік ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ауылдық жерлерде тұратын халықтың 42%-ның тұтынушылық сұранысының артуына алып келеді және ауылда қызмет көрсету деңгейінің көтерілуіне, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінде шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік береді.

Табыстың жоғарылауы сонымен қатар жұмыс істейтін ауыл тұрғындарына тұрғын үй ипотекалық бағдарламаларына қатысу үшін өздерінің несиелік рейтингтерін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар құрылыс секторының дамуын ынталандырады және жұмыспен қамтудың артуымен одан әрі экономикалық өсуге әкеледі.

9-МАҚСАТ: ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИННОВАЦИЯЛАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Егіншілік алаңдарында тиімді жұмыс жасау үшін соңғы инновацияларды енгізу: байланыс, цифрландыру, ауылдардың инфрақұрылымын құру және өндірісті жақсарту, вегетациялық кезеңді NDVI спутниктік бақылау, метеостанциялар және барлық қатысушылар үшін әлемдік биржалық саудаға ашық қол жетімділік.
10-МАҚСАТ: ТЕҢСІЗДІКТІ ҚЫСҚАРТУ

Агроөнеркәсіпті жоғары өнімділік пен кіріс арқылы жаңа деңгейге шығару, ел экономикасын жақсарту.

Ел тұрғындарының 42% -ы ауылдық жерлерде тұратындықтан, TDFA жүйесі қоғамның жаңа тұрақты класын құрады. Қызметкерлерге арналған ірі қара мал квотасы жүйеге енгізілетін болады.

11-МАҚСАТ: ТҮРАҚТЫ ҚАЛАЛАР ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

Ауылдарда жаңа инфрақұрылымды салу және жақсарту арқылы деурбанизация және елді мекендердің ашықтығы, қауіпсіздігі, тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

12-МАҚСАТ: ТИІМДІ ТҰТЫНУ МЕН ӨНДІРІС

Қор өз қызметінің барлық аспектілерінде ұтымды қағидаларды басшылыққа алады: талдау мен бақылаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, рационалды теңгерімді өндіріс, тауарларды ұтымды сатып алу, ұтымды маркетинг және рационалды тұтынуға ұмтылады.

13-МАҚСАТ: КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН КҮРЕС

Өсімдік шаруашылығы дегеніміз ауа температурасына және оның ластануына тікелей пропорционалды әсер ететін қалдықсыз өндіріс.

TDFA басқаруында жоспарланған жер аумағы 5 миллион гектар құрайды, сондықтан егілген өсімдіктердің үлкен жасыл массасы қосымша оттегі шығарады және көмірқышқыл газын сіңіреді.

14-МАҚСАТ: ТЕҢІЗ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ
Өкінішке орай осы мақсатты біз шешпейміз
15-МАҚСАТ: ҚҰРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ

Жерді құнарландыру және тиімді пайдалану. Минералды тыңайтқыштарды (NPK) өндіріп, оларды топыраққа енгізу арқылы біз гумустың жақсаруы үшін құнарлылық қасиеттерін топыраққа қайтарамыз.

Биологиялық алуантүрлілікті және тұқым генетикасын сақтау үшін Астық банкі құрылады.

16-МАҚСАТ: БЕЙБІТШІЛІҚ ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР

Жобаның бүкіл экожүйесіндегі жұмыс әрбір қатысушы үшін ашық және әділ болатын етіп құрылған.

Ол үшін Би институты құрылады, Биді тиімді менеджерлер сайлайды және кредиттік рейтингтерді басқарумен, сондай-ақ сақтандыру жағдайларын талдаумен айналысады.
17-МАҚСАТ: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН СЕРІКТЕСТІК

Дүниежүзілік азық-түлік банкінің жобасы шетелдік компаниялармен және саланың көшбасшыларымен жұмыс жасау арқылы, әлемдегі бірқатар мәселелерді шешеді. Халықаралық саудаға және жалпы экономикаға әсер ететін жоғары сапалы халықаралық қатынастарға әкеледі.

Компания
сандары

12

Біз ауыл шаруашылық дақылдарының 12-ден асатын Канадалық селекциясын алып келдік

35
Біз Орталық және Солтүстік Қазақстан аймақтарында егу процессін аяқтап, әрбір гектардан 35 центнер құрайтын орташа өнім алдық
5 млн
TDFA басқаруында 5 000 000 гектар егістік жер болады